421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында онкологиялық науқастарды эндоскопиялық тәсілмен анықтап, емдейді

  • 113
  • UPD: 14:57, 30.12.2020
Қарағанды облысында онкологиялық науқастарды эндоскопиялық тәсілмен анықтап, емдейді

Қарағандыда эндоскопиялық орталық ашылды.

Облыстық онкологиялық диспансер жанындағы бөлімшеде енді қатерлі ісік ерте сатысында анықталатын болады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Заманауи құрал-жабдықтардың көмегімен дәрігерлер қабыну, жалақ жара өзгерулерін, обыр алды жағдайларды анықтап қана қоймай, сонымен қатар қатерлі ісікті де эндоскоп арқылы алып тастай алады. Өңір басшысы Жеңіс Қасымбек жаңа орталықта болды.

Мұнда бір ауысымда 70-75 скринингтік науқас және 35 стационарлық пациент қабылданады. Күн сайын 10-12 аз жарақаттық эндокоскопиялық операциялар жүргізу жоспарлануда. №3 көпбейінді аурухана жанындағы орталықта жоғары білікті мамандар еңбек етеді.

«Біз үшін эндоскопиялық орталық – аурушаңдықтың жоғары болуына байланысты бірінші кезектегі қажеттілік. Біздің дәрігерлер арнайы оқудан өтті», - деді облыстық онкологиялық диспансердің директоры Мұратбек Жұмақаев.

Орталық ең жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Мұнда жапондық Olympus компаниясының сараптамалық кластағы медициналық аппараттары орнатылған. Олар барлық әлемдік талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Өз бетінше жүріп-тұруға қауқарсыз науқастарға арналған арнайы көтергіш құрылғысы бар.

Анестезиямен жүргізілген эндоскопиялық процедуралардан кейін пациенттерді ояту бөлмесі бар. Медициналық қызмет көрсету сапасын жылжымалы цифрлық рентген-қондырғы, жерішілік УДЗ-диагностикаға арналған заманауи аппарат және наркозды-тыныс алу аппараты айтарлықтай арттырады.

Кабинеттер медициналық газдарды беруге арналған қабырғалық консольдермен, сондай-ақ бейне және фотофиксация функциясы бар гастродуоденоскопияларды, бронхо және колоноскопияларды жүргізуге арналған бейнеэндоскопиялық тіректермен жабдықталған. Бөлімшеде сондай-ақ эндоскоптарды дезинфекциялау және стерильдеудің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін жуу бөлмесі қарастырылған.

Қарағанды облысы қатерлі ісік ауруларының саны бойынша елімізде төртінші орында тұр. Бұл өңірде онкологиялық науқастардың жоғары пайызы скринингтік зерттеулер барысында ерте сатыларда анықталатындығына байланысты.

Келесі жылы Жезқазғанда онкологиялық диспансер филиалының құрылысын бастау жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы