418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысы «сары аймаққа» ауысты

  • 80
  • UPD: 15:26, 30.12.2020
Павлодар облысы «сары аймаққа» ауысты

Бұған ауру жұқтыру деңгейінің төмендеуі оң әсерін тигізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус жұқтырудың жаңа 65 дерегі тіркелген. Бүгінде инфекциялық госпитальдарда 403 науқас емделіп жатыр. Олардың 14-і жансақтау бөлімінде. Өңірде ауырғандар саны 8 мың 965 адамға жетті. Індеттің симптомды түріне 5 мың 900-ден аса адам шалдыққан. Жазылып шыққандар саны – 7 жарым мың.

Ерғалы Асылбек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а:

– Бүгінгі күні инфекциялық ауруханалардың жүктемесі 29,74 процентті құрайды. Яғни стационарлық емдеуде – 403 адам. Реанимациялық бөлімшенің жүктемесі 14 процентті құрайды. Он төрт адамның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.Оның ішінде 5 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бүгінгі күні инфекциялық ауруханаларда төсек орындардың тапшылығы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы