Өткен тәулікте республика аумағына Корея, Мальдив, Египет, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елге 1 мың 960 қазақстандық оралды. Оның ішінде 1748 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар. Ал 212 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Атап айтсақ, Алматы қаласының әуежайына 168, Нұр-Сұлтанға 6, Қостанайға 38 авиажолаушы анықтамасыз келді. Қазір олар арнайы стационарға жатқызылды. Айта кетейік, 28 желтоқсанда елге оралған 83 азаматтың ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.