426,99 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда 12 дәрігер баспаналы болды

  • 200
  • UPD: 15:23, 30.12.2020
Қарағандыда 12 дәрігер баспаналы болды

Олардың барлығы – медицина университетін бітіріп, енді ғана жұмысқа кіріскен жас мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, екі қабатты тұрғын үй бір кездері аурухана болған. Көне ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, жас отбасылардың игілігіне берілді. Пәтердің іші тұрмыстық техникамен, жиһазбен толық жабдықталған. Қоныс той иелері жалдамалы пәтерде тек коммуналдық қызмет ақысын ғана төлейді. Ал үй ауласына балалардың ойын алаңын тұрғызыпты. Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 100-ден астам дәрігерге жаңа пәтер берілген. 

Жанар Оразбаева, дәрігер:

– Біз екі жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрамыз. Екі балам бар. Өте қуаныштымыз.

Сабиржон Юнусов, дәрігер:

– Бізге жалдамалы пәтер беріп отыр. Оған мың да бір алғыс айтамыз. Алғашқыда пәтер жалдап тұратын едік. Ал қазір өзіміздің жеке пәтеріміз бар. Әрі қарай баспана алу үшін ақша жинауға мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы