423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

  • 133
  • UPD: 15:21, 30.12.2020
Ақтөбеде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген әйел УҰИ-ға жабылды, деп хабарлады Polisia.kz.

29 желтоқсан күні сағат 4:00-де патрульдік полиция қызметкерлері М.Шоқай көшесіндегі үйдің ауласында 32 жастағы әйелдің басқаруындағы «SsangYong» автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көліктен алкогольдің өткір иісі шықты, сондай-ақ полицейлер жүргізушінің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын және көлікті жеңіл дәрежелі мас күйде басқарғанын анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушісі Ақтөбе қаласы УҰИ-ға қамауға алынды. Полиция департаменті 2020 жылғы 11 қаңтарда күшіне енген заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған, мас күйінде көлік құралдарын жүргізген жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілгенін еске салады. 

Хабар 24 телеарнасы