418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада Шіркейлі каналының үстінен салынған автомобиль көпірі қолданысқа берілді

  • 97
  • UPD: 15:22, 30.12.2020
Қызылордада Шіркейлі каналының үстінен салынған автомобиль көпірі қолданысқа берілді

Ұзындығы 82 метр болатын жаңа өткел облыс орталығының сол жағалауын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізімен жалғайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауқымды құрылысқа бюджеттен 600 миллион теңге бөлінген. Сондай-ақ құны 2 жарым миллиард теңге болатын 5 шақырым сол жағалау жолының құрылысы да аяқталды. Мереке қарсаңында Жалағаш ауданындағы 100 орынды аурухана да іске қосылды. Уақыт талабына сай соңғы үлгіде жабдықталған денсаулық сақтау мекемесінде 5 емдеу және екі операция бөлімшесі жұмыс істейді.

Сәбит Пазылов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Ауданымыз үлкен жол торабында орналасқандықтан, жарақат та кездесіп жатады. Сүйектер сынған кезде жасалатын операциялық бөлім дайындалды. Және 30 төсектік босану бөлімі бар. Одан басқа паллиативтік көмек дейді, сол көмектің де 10 төсегі осы жерде халыққа қызмет атқаратын болады.

Хабар 24 телеарнасы