420,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда қыс басталғалы 643 бала сырғанақта жарақат алған

  • 91
  • UPD: 18:12, 30.12.2020

Қыс маусым басталғалы Павлодарда балалардың жарақаттануы жиілеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сырғанақтың қызығынан 643 бала зардап шегіпті. Олардың қауіпсіздігіне сырғанақтардың иелері де жауапты екен.

Облыс орталығында сырғанақ тебетін ең үлкен алаң қалалық саябақта орналасқан. Жоғары жылдамдықпен төменге қарай құлдилаған балаларды арнайы кәсіптенген адам болмаса, тоқтату өте қиын. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар ауруханадан бір-ақ шығады.

Юлия Афонина, травмотолог:

– Жарақаттың түрлері өте көп. Бәрінен бұрын сынық, мидың шайқалуы жиі кездеседі. Бізге күн сайын орташа ауыр деңгейде жарақат алған екі баладан түседі.

Дәрігерлер балалардың сырғанақ тебуіне қарсы емес. Тек үлкен адамдардың жанында болуы керектігін айтады. Сонымен қатар мұз айдындары арнайы белгіленген орында, жолдан алыс жерлерде орналасуы тиіс.

Анна Медведева, сырғанақ алаңының иесі:

– Бізде сырғанақтың жоғары жағында және аяғында адамдардың бір-біріне соғылып қалмауын қадағалайтын адамдар бар. Мұз үстінде аяқпен сырғанауға тыйым саламыз. Тұрғындарға қауіпсіздік ережелерінің қатаң сақталуын ескертеміз. Бірақ бізді тыңдамай кететіндер де табылып жатады.

Егер балалар сырғанақ тебу үстінде жарақат алатын болса, сол сырғанақтың иелері жауапкершілікке тартылады. Бірақ қалай болғанда да, баланың өміріне ең алдымен ата-анасы жауапты екенін естен шығармаған абзал.

Қ.Қасиетова, Самат Оспанов, Жеңіс Темірболат

Хабар 24 телеарнасы