421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда баласын аязда аялдамада қалдырған әйелге қатысты сот үкімі шықты

  • 120
  • UPD: 16:16, 30.12.2020
Павлодарда баласын аязда аялдамада қалдырған әйелге қатысты сот үкімі шықты фото: pavlodarnews.kz

Павлодарда баласын аязда аялдамаға қалдырып кеткен анаға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Осы уақытқа дейін әйелдің бір жарым жасар ұлы ағасымен бірге Екібастұздағы әжесінің үйінде тұрған.

Бүгін қаладағы №2 сотта 33 жастағы әйелдің ісі қаралды. Ол 26 қарашада баласын Павлодар автовокзалының жанындағы трамвай аялдамасына қалдырып кетіп қалған.

«Әйел соңғы жылдары Таразда тұрған. Ол Семейден Павлодарға такси жалдап келген. Полиция мен еріктілер күдіктіні 2 сағат іздеп, оны ұстаған. Кейін әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп жазады басылым.

Тексеріс барысында әйелдің тұрмысқа шықпағаны және оның бір жарым жасар ұлынан бөлек Екібастұздағы 57 жастағы әжесінің бір бөлмелі пәтерде тұратын 9 жастағы баласы бар екені анықталған. Күдікті кенже ұлын қалдырып кетуді алдын ала жоспарлаған.

«Сот қаулысымен Ж. есімді әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Өйткені ол жәбірленушінің заңды өкілімен татуласты. Моральдық және мүліктік шығын болған жоқ. Әйел кінәсін толық мойындады», - дейді Павлодар №2 сотының судьясы Думан Серікбаев.

Сонымен қатар 2020 жылдың 25 желтоқсанында Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық №2 сотында Ж. есімді әйел ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Осыған байланысты отбасы қорғаншылық және қамқоршылық органына есепке қойылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы