Атырау облысында соңғы тәулікте 60 адам вирус жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
18-і қалада анықталды. 37 науқас Теңіз кенішінде тіркелді. Қалғандары аудан тұрғындарының арасынан шықты. 32 атыраулық өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан жазылды. Қазір 275 адам үй жағдайында емделсе, облыстық инфекциялық стационарда 106 науқас бар. Теңіз кенішінде 619 жұмысшы емделіп жатыр.