420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

  • 89
  • UPD: 19:51, 30.12.2020
БҚО-да эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

Батыс Қазақстан облысында соңғы тәулікте 43 адам қатерлі індетке шалдықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желтоқсан айы басталғалы өңірде мыңнан аса адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Олардың арасында Қарашығанақ және Чинарев кен орындарында еңбек етіп жүрген 80 жұмысшы да бар. Кеніште істейтіндер вахтаға барар алдында ПТР сынамасын тапсырады. Жаңажылдық мереке қарсаңында мониторингтік топтар бақылауды күшейтеді. Корпоративтік кештер мен адам көп жиналатын өзге де іс-шараларға қатаң тыйым салынған. Жаңа жылды әркім өз үйінде, өз отбасымен ғана атап өтуі тиіс. Желтоқсан айынан бері аймақта санитарлық талаптарды бұзуға қатысты 83 әкімшілік хаттама толтырылыпты. Тәртіп бұзғандар жалпы сомасы 5 миллион теңгеден аса айыппұл төлейді.

Нұрлыбек Мұстаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Орал қаласында, Тасқала ауданында, Теректі, Қазталов, Бәйтерек және Бөрлі аудандарында осы эпидахуалды ескере отырып, осы аймақтарда шектеу шараларын күшейту жөнінде бас санитар дәрігерлердің қаулылары шыққан болатын. Жалпы корпоративтік шараларды өткізбеу жөнінде, мониторингтік топтардың жұмыстарын жандандыру бойынша.

Хабар 24 телеарнасы