419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл Маңғыстау облысында ажырасқандар саны үш есе азайған

  • 104
  • UPD: 21:27, 30.12.2020
Биыл Маңғыстау облысында ажырасқандар саны үш есе азайған

Пандемия отбасы құндылығын күшейтіп, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластықты арттырған тәрізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Маңғыстау облысында ажырасқандар саны үш есе азайған. 2020 жылы 563 жұп неке бұзған. Ал өткен жылы 1724 жұп ажырасыпты. Бұл туралы облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Айзат Тіленбаев мәлім етті. «Биыл адамдар көп уақытты үйде, өзінің отбасымен өткізді. Осы арқылы түсініспеушілікке, жанжалға жол берілмеді», - деді мамандар. Өкінішке қарай өз баласынан қашып, алимент төлемей жүрген 75 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 1 борышкердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Айзат Тіленбаев, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары:

- Өздеріңіз білесіздер, әр алименттік істің артында бала тұр. Ал алименттің өндірілуі баланың өсіп-жетілуіне, бақытты балалық шақ кешуі үшін өте қажет. Облысымыздың сот орындаушыларында барлығы 9281 алименттік өндіріс бар. Оның 5554-і жұмыс орны бойынша өндірілуде. 3349-ы өз еркімен төленуде.

Хабар 24 телеарнасы