421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл шығысқазақстандық шаруаларға мемлекеттік субсидия арқау болды

  • 117
  • UPD: 21:39, 30.12.2020
Биыл шығысқазақстандық шаруаларға мемлекеттік субсидия арқау болды

Шығыс Қазақстан облысының шаруалары биылғы қысылтаяң кезеңде мемлекеттік субсидияға иек артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қожалықтардың дені кәсібін сақтап қана қоймай, жаңа техника мен құрал-жабдықтар да сатып алып, өнім көлемін арттырды. Қазір ірі қара саны бойынша облыс республикадағы үздік үштіктің қатарында. Шығыс Қазақстан өзге аймақтарымен салыстырғанда жылқысы да ең көп өңір. Алайда мамандар 2020 жылы Шопан ата төлінің азайғанын айтады. Жаз айларында құрғақшылық болғандықтан, егін түсімі өткен жылмен салыстырғанда, аз болды. Бірақ мамандар «ауыл шаруашылығы саласының табысы жаман емес», дейді. Мемлекеттік субсидияны дер кезінде салаға бөлу арқылы қыруар шығынның алдын алуға мүмкіндік туды.

Ержан Нұрбаев, облыс әкімінің орынбасары:

- Біріншіден, қазір асыл тұқымды малды дамытуға, ет бағытына бұқаларға жақсы. Біздің облысқа нақты мына сүт тауарлы, ет бағытына 3 млрд 400 мың теңге тағы қосымша қарды береді. Сол мал жағындағы шаруаларға беріледі. Жылдың аяғында бір тиын қарыз қалдырмай, бүкіл ауылшаруашылық жағдайын шешіп, жауып, ендігі жылға дайындалып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы