432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылады

  • 672
  • UPD: 22:02, 30.12.2020
Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылады

Түркістан облысының аумағында жаңадан Сауран ауданы құрылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Кентау қаласының қарамағында болған 12 ауылдық округ кіреді. Жаңа ауданның орталығы болып 12 мың тұрғыны бар Шорнақ ауылы ұсынылды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Маңызды бастаманы зиялы қауым мен ардагерлер де бірауыздан қуана қолдады. Себебі 2 жыл бұрын Кентау қаласына қосылған шалғайдағы елді мекен тұрғындары үшін аудан орталығына қатынау қиындық туғызған.

Нұрмахан Жақаев, Кентау қаласының тұрғыны:

- Қазіргі қиынышылықтың ең негізгісі – ауруларға дәрігердің көмегі ретінде кездесетін жолдар қиындап кетті. Себебі 12 ауылды қосқан соң барлық құжаттар кентауға жіберілді. Келу де қаражат, бір анақтамаға бола келеді. Бүгінгі көтерілген мәселе өте орынды.

Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімі:

- Шорнақ – ескі, ежелгі тарихи ауыл. Ол жерде біраз мүмкіншіліктер бар. Ауылдардың бәрін біріктіріп, жаңа аудан құру керек деген ұсыныс айтқанмын. Саяси жағынан қолдау тауып отыр. Енді бізге тапсырма берілді. Біз 1-2 айдың ішінде есеп-қисабын жасап, рәсімдеп, ауылдардың өзін орын-орнына қойып, жаңа Сауран ауданын құрамыз.

Хабар 24 телеарнасы