418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте жағдайы төмен отбасыларға газ сигнализаторлары тегін орнатылды

  • 94
  • UPD: 23:39, 30.12.2020

«ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының мамандары мен төтенше жағдай қызметкерлері өрттің алдын алу үшін тұрғындар арасында арнайы шара өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар Шымкенттегі жеке үйлердің газ қондырғылары мен пеш мұржаларын тексерді. Көп балалы үйлерге назар аударып, ондағы құрылғыларға мұқият болуды ескертті. Артық газ шыққанда дыбыс беретін газ сигнализаторларды компания өкілдері жағдайы төмен отбасыларға тегін орнатып берді.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Бұл – Шымкенттен шалғай орналасқан елді мекендегі жеке тұрғын үйлер. Жылу маусымы басталғалы бері қала іргесіндегі мұндай баспаналарға «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының өкілдері мен құтқарушылар арнайы бас сұғып, түсіндіру шараларын жүргізіп келеді. «Себебі әр отбасының амандығы маңызды», - дейді сала мамандары.

Ғалымжан Мұратов, Абай аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:

- Қала көлемінде жылу беру маусымынан бастап 482 отбасына көмек көрсеттік. Биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда оқиға саны артып отыр. 2019 жылы 15 оқиға орын алған, 16 адам қайтыс болған. Ал биыл екі оқиға болып, 2 адам қайтыс болды.

Улы газдан иістенудің алдын алу үшін мамандар әр үйге кіріп, тексеріс жасауда. Қайғылы жағдайды болдырмаудың бірден-бір жолы – дыбыс белгісін беретін құрылғыны орнату. Жаңа жыл қарсаңында жағдайы төмен отбасыларға сый ретінде газ сигнализатор тегін орнатылды.

Бауыржан Сәтмағамбетов, «Қазтрансгазаймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары:

- Бұл шараларды істеу мақсатымыз – халыққа табиғи газ қолдану ережелерін түсіндіру. Осы жадынама қағаздарына қанша қаражаттар бөлініп жатыр. Бірақ одан пайда көп емес. Содан соң да осындай рейдтер ұйымдастырып жатырмыз.

Биыл шаһардағы жылу беру маусымында иісті газдан улану салдарынан екі өлім тіркелді. Қайтыс болғандардың арасында кішкентай бала да бар. Ал қауіпсіздік ережелерін сақтау, оқыс оқиғалардың алдын алуға сеп болмақ.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов

Хабар 24 телеарнасы