419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бірнеше жүздеген адам жерді игермейтіндердің қара тізіміне енгізілді

  • 374
  • UPD: 09:52, 31.12.2020
Бірнеше жүздеген адам жерді игермейтіндердің қара тізіміне енгізілді

Елде 600-ден аса адам жерді тиімсіз пайдаланушылардың қара тізіміне енгізілді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы Гүлжахан Бимендина аталған тізімнің бәріне қолжетімді екенін айтты. Жалпы бізде 2015 жылдан бастап ауыл шаруашылығы жерін тиімді пайдалануды бақылау әкімдіктердің құзырына кіреді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша атқаратын жұмысын салалық министрлік бақылайды.

Осы ретте комитет төрайымы айтты: «Соңғы 2 жылда біз республика бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау мен қайтарып алудың оң қарқынын байқап отырмыз. Бірақ ғарыштан жасалған мониторинг кезінде әлі де болса пайдаланылмай жатқан миллиондаған гектар жер бары анықталған.

Гүлжахан Бимендина, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрайымы:

- 2019 жылдың соңында жер кодексіне өзгеріс енгізілді. Ғарыштық мониторингті қолдану жайлы. Заң қабылданғаннан кейін жаңағы 4 облыс ғарыштық мониторингпен жұмыс жасайды деп белгіленген болатын. Ақмола, Қостанай, ШҚО және Маңғыстау облыстары белгіленген болатын. Өйткені бұл 4 облыстың қазіргі таңда ғарыштық мониторингтің істеген жұмыстары осы желтоқсан айында 8,3 миллион гектар жерді тиімсіз пайдаланды деп көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы