426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда коронавирустың 140-тан астам түрі анықталған

  • 328
  • UPD: 13:52, 31.12.2020
Қазақстанда коронавирустың 140-тан астам түрі анықталған

Елімізде өткен тәулікте 795 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша ауырғандар саны 154 мың 720-ға жетті.

Ең көп көрсеткіш Нұр-Сұлтанда тіркелді. Мұнда бір күнде 120 тұрғынның тесті оң нәтиже көрсеткен. Атырау облысында осы шамалас.

«Қызыл аймақта» науқастар саны 116-ға артты. Алматыда 87, Павлодар облысында 72 жаңа жағдай тіркелді. Жалпы Қазақстанда мамыр-қыркүйек аралығында коронавирустың 140-тан астам түрі анықталған. Ал әлемде белең алып жатқан жаңа «британиялық штамды» жұқтыру дерегі тіркелмеді, деп хабарлады санитарлық-эпидемилогиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.

Хабар 24 телеарнасы