420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтар дәрігерлік кеңесті онлайн алатын болған

  • 74
  • UPD: 14:23, 31.12.2020

Биыл елімізде дәрігермен байланыс қашықтан онлайн түрде жүзеге аса бастады. Бұл індеттен енген жаңашылдық па? Әлде заман талабы ма? Оның тиімділігі қандай?

Мен консультацияны қалай аламын?  Қандай приложениемен? Не енгізуім керек телефонға? 

Басы ауырып, балтыры сыздаған елордалықтар бұрынғыдай аурухана жағаламайды. Онлайн платформалар арқылы дәрігерге жазылып, кеңес алатын болған. Соның нәтижесінде кезек те азайды. "Бұл карантинде енген жаңашылдық қана емес, заман талабы" дейді дәрігерлер.

Маржан Мұқамбаева, жалпы практикалық дәрігер:

- Уақыт үнемдеу. Үйде отырып, жазылып, бізге уотсап арқылы қосылады. Анализ тапсырса, нәтижесін білуге бізге келмейді. Анализ нәтижелері болады өздерінде. Осы қашықтық консультация арқылы біз нұсқаулар береміз. Анализдеріне қарап.

Ойда жоқта коронавирус жұқтырып, қиналғандардың бірі Айғаным Әбілғазина. Қауіпті аурумен үйде жатып күрескен. Жалғыз емес. Дәрігерлері уотсап арқылы ұдайы хабарласып, кеңес беріп отырды.

Айғаным Әбілғазина, қала тұрғыны:

- Қазір де тек ғана қан тапсыруға ғана келіп жатырмын да. Өте тиімді врачпен бір байланысқа шығып алғаннан кейін болашақта керек кезде врачтың өзі тікелей ватсапқа шығатыны тиімді болды бізге. Қамқорлық сезеді екенбіз. Кез келген уақытта врачпен хабарласа салу деген бұрын-соңды болмаған. Онлайн жағдайында солай хабарласа алғанымызға өте қуаныштымыз.

Кері байланыстың бұл түріне үйрене алмай жүргендер де бар.

Тоқтамыс Афсаматов, қала тұрғыны:

- Дәрігермен көзбе-көз сөйлесіп, өзіңнің денсаулығыңды білмегесін қашықтықтан бір жағынан ыңғайсыз. Бір жағынан тиімді болғанымен ыңғайсыз жағдайда болады. Карантин болғалы бір рет ғана қаралдым.  

Жалпы елімізде телемедицина түсінігі осыдан үш жыл бұрын пайда болған. Тек ол кезде дәрігерлер ғана өзара кеңесетін еді. Қазір 200 медициналық ұйымда байланыс жабдықтары бар. Саланы цифрландыру халық пен мамандардың байланысын нығайтты.

Махира Құдайбергенова, ұлттық ғылыми онкологиялық орталық дәрігері:

- Пациентпен онлайн кеңескенде біз оларға бағыт береміз. Қандай мамандарға бару керек екенін, қандай анализ тапсыру қажеттігін айтамыз. Бәрі дайын болған соң қабылдауға шақырамыз. Ал дәрігерге сол пациентпен әрі қарай қалай жұмыс істеу керек екенін айтамыз. Бұл өте маңызды. Қазір дәрігерлер бос уақытын біліктілігін арттыруға жұмсап жатыр. 

Дәрігерге жазылу үшін арнайы қосымша жүктеп алу керек. Кейін сізге өздері хабарласады. Бастысы, желілерде ақылы кеңес береміз деп жүрген алаяқтарға алданып қалмаңыз.

Авторлар: Мерей Мұратханқызы, Аят Елшін

Хабар 24 телеарнасы