423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО: ауылдағы көп балалы отбасылар баспаналы болды

  • 127
  • UPD: 14:41, 31.12.2020
ШҚО: ауылдағы көп балалы отбасылар баспаналы болды

Жаңа жыл қарсаңында шығыстағы Тарбағатай ауданында 48 көп балалы отбасы баспаналы болды.

Олардың бәрі де талай жылдан бері үй кезегінде тұрған. Жаңа үйлер мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақжар мен Ақсуат ауылында салынды. Жалпы аймақта биыл көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін 5 миллиардтан аса қаражат бөлінген. Нәтижесінде мыңға жуық отбасы үйлі болды. Дегенмен, өңірде әлі де екі жарым мың адам пәтер кезегінде тұр. Сондықтан атқарушы билік көп балалы отбасылардың баспана мәселесін 2022 жылға дейін толық шешуді жоспарлап отыр. Қазір  әр аудан, қалада жеке үйлердің құрылысы салынып жатыр. Тарбағатай ауданы бірінші болып кілт тапсырды.

Әсел Бөкенова, Ақжар ауылының тұрғыны:

- Үйлердің іші өте жақсы, суы, жылуы бәрі бар. Қаланың үйінен кем емес енді. Балалардың да бөлмелері кең, жақсы. Алғыс айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы