Семейде Жаңа жыл түніндегі қала тыныштығын сарбаздар қадағалайды.
Ұлттық Ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5511-әскери бөліміне осындай міндет жүктеліп отыр. Ұландар шаһардың көпшілік орындарында патрульдік қызмет атқарады.
Айта кетейік, 2020 жылы жедел мақсаттағы батальон 40 шақты қылмыс пен 130-дан астам заңбұзушылықтың алдын алуға атсалысты. Ал коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде карантин талаптарының орындалуын қадағалаған болатын.
Тимур Ұтабаев, сарбаз:
- Сарбаздар жаңа жылдың мереке түні қыстың аязы мен боранына қарамастан жауынгерлік қызмет атқарады. Кез келген құқық бұзушылық осы сарбаздардың басты назарында.