420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Іле ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

  • 101
  • UPD: 15:49, 31.12.2020
Іле ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Алматы облысы Іле ауданындағы Іргелі ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Енді елді мекеннің 14 мыңға жуық тұрғыны аядай медпунктте емес, кең әрі екі қабатты ғимаратта емделеді. 

Оларға жалпы тәжірбиелік дәрігер, стоматолог, гинеколог, психологтармен қатар 20-дан аса маман қызмет көрсетеді. 900 шаршы метрлік мекемеде арнайы қондырғылармен жабдықталған физиотерапия, тіс емдеу, екпе және өзге де бөлмелері бар. Науқастарды жатқызатын күндізгі стационар да қарастырылып отыр. Бұдан былай бас ауырып, балтыры сыздағандар аудан орталығы Қаскелеңге қатынамай өз ауылдарында сапалы ем-дом  қабылдайды.  

Сәуле Берікбосынова, Іргелі ауылының тұрғыны:

- Халық көп қиындық көрді. Дәрігерлерге де обал болды. Өйткені заведующий бір кабинетте жанында медсестралары бар. Тар. Ыңғайсыз екені айдан анық дүние. Енді көңіліміз қуанып, бүкіл халық қуанып жатыр. Мынандай үлкен кең зданияға кіру деген халық үшін де қолайлы ыңғайлы.

Жандарбек Далабаев, Қарасай ауданының әкімі:

- Келесі жылы жоспарланып отырған Доланалы ауылындағы амбулатория Қаскелең қаласында мың келушіге арналған поликлиника мен екі жүз адамдық стационарға құрылысын жүргізу үшін ПСД-ға қаражат бөлінді Және де екі ауылға дәрігерлік қосын қоямыз.

Хабар 24 телеарнасы