Көкшетауда Жаңа жыл қарсаңында 90 полицей баспаналы болды. Пәтерлер тәртіп сақшылары үшін арнайы салынған көп қабатты үйден берілді.
Ал бұл облыстық полиция департаменті, «Отбасы банкі» мен құрылыс компаниясы арасындағы меморандум арқылы жүзеге асқан әлеуметтік жоба. Нәтижесінде ішкі істер саласының қызметкерлері қызметтік немесе жалдамалы емес, жекеменшік пәтерлеріне қол жеткізіп отыр. Ипотека жүйесімен алынған баспананың бағасы да нарықтағыдан әлдеқайда арзан дейді полицейлер.
Айта кетейік, бұған дейін аймақта тәртіп сақшыларына тек қызметтік пәтерлер беріліп келген болатын.
Нариман Нұржақсин, учаскелік полиция инспекторы:
- Бүгін ең қуанышты күндердің бірі деп ойлаймын. Өйткені біз пәтер алып жатырмыз отбасымызбен. Көп балалы отбасы ретінде. 11 жылдан бері учаскелік инспектор болып жұмыс істеп жатырмын.