420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда әкімдігі коммуналшылардың еңбек жағдайын жақсарту жалғасатынын айтты

  • 105
  • UPD: 15:46, 31.12.2020
Елорда әкімдігі коммуналшылардың еңбек жағдайын жақсарту жалғасатынын айтты

Алдағы жылы да коммуналшылардың еңбегін қолдап, оларға жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізу жалғасады.

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында бөлісті.

«Бұл жыл бәрімізге оңай болмады. Біздің коммуналшылар тұрғындарға жайлы болуы үшін қаланы таза ұстауға ауа райына қарамастан күн сайын еңбектенеді. Егер өткен жылы коммуналдық қызмет автопаркінің (Астана Тазалық пен Астана Зеленстрой) арнайы техника мен жабдығы 165-тен аса бірлікке көбейсе, биыл тағы 125 бірлік арнайы техника мен 100-ден аса қосымша жабдық сатып алынды.

Өткен жылдан бері жалақы мен сыйақы көлемі артты. Келесі жылы да коммуналшыларымыздың еңбегін қолдап, оларға жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізуді жалғастырамыз.

ТЖ режимі кезінде біздің жүргізушілер де алдыңғы шепте болды. Олар біздің медициналық қызметкерлерді, әлеуметтік жұмысшыларды тасыды. Карантин цифровизация саласын дамытуды жалғастыру керек екенін көрсетті. Автобустарға 100% валидаторлар орнатудың арқасында жүргізуші мен жолаушының байланысын төмендету үшін, төлемақы жасауда қолма-қол есептесу алынып тасталды.

Бұдан бөлек, парк жыл басынан бері 100 электрлі автобуспен толықты. Оларды пайдалану экологиялық (атмосфераға зиянды қалдықтар бөлмейді) және үнемдік жағынан тиімді. Экологияның маңызын ескере отырып, жеке инвестиция есебінен автопаркті жаңарту көзделіп отыр. Бұл ретте автопарк тағы 100 электроавтобуспен толығады», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы