420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Қауіпсіз жаңа жыл» шарасы өтті

  • 138
  • UPD: 16:03, 31.12.2020
Елордада «Қауіпсіз жаңа жыл» шарасы өтті

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті полицейлермен бірлесіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат таратты.

Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілері бойынша рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Қауіпсіздік қызметінің өкілдері шаһардағы базарлар мен ірі сауда орындарын аралап, сатушыларға өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамаларды үлестірді. Жалпы желтоқсан айында 163 рейдтің нәтижесінде 190-нан астам пиротехника тәркіленіп, 700 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Аталмыш шара 2021 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.

Еркін Отарғалымұлы, қалалық ТЖД Басқарма бастығы:

- Пиротехникалық бұйымдар бұл қауіпті. Сол себепті оны пайдаланған кезде оның нұсқаулығымен таныс болу керек. Пиротехникалық бұйымдарды үй-жайлардың ішінде пайдалануға тыйым салынады. Пиротехникалық бұйымдарды желді күні пайдалануға ағаштардың астында тұрып пайдалануға тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы