418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда 91 метрлік тутұғыр орнатылды

  • 127
  • UPD: 17:42, 31.12.2020
Атырауда 91 метрлік тутұғыр орнатылды

Сондай-ақ алаңда Қазақстанның картасы мен Елтаңбасы бейнеленіп, еліміздің Әнұраны алтын әріптермен жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал нысанды Қазақстанның тәуелсіздігін білдіретін алтын қанаты бар 2 қар барысы күзетеді. Қала көркін келтірген бұл безендіру үшін демеушілер 2 жарым млрд теңге жұмсаған. Аумақ ақ мәрмәрмен безендірілді. Ұсақ материалдың бәрі Түркиядан алынған. Облыстық құрылыс басқармасының хабарлауынша, монументтің құрылысы 2 жыл 2 ай ішінде аяқталып отыр.

Айта кетейік, бұл ту тұғыр былтыр құрылысы бітпей жатып, құлап қалуымен елдің есінде қалып еді. Осы жолы жауаптылар ешқандай олқылық болмайды деп сендірген. Жұмыс барысында қауіпсіздік қатаң қадағаланып, түрлі елден келген мамандар қайта-қайта тексеріпті.

Айдын Әлмұхаметов, мердігер мекеме өкілі:

– Тутұғырдың құрылысы 2018 жылы басталды. Құрылыстың биіктігі – 91 метр, бұл еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты. Жоба тутұғырдан, мәрмәр композициядан, алтын қанатты екі барыс пен оң және сол жақтағы субұрқақтардан тұрады. Олар қазір жұмыс істемейді, бірақ жазда біз оларды іске қосамыз. Сондай-ақ көгалдар мен гүлзарлар да болады. Мұның бәрін жоба аяқталғаннан кейін тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің қарауына береміз.

Хабар 24 телеарнасы