420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылықтар жаңа жылды қалай қарсы алады?

  • 112
  • UPD: 19:49, 31.12.2020

Жаңа жылды әркім әрқалай қарсы алады. Біреулер отбасымен, енді біреулер жора-жолдастарымен дастархан басында ақ

тілектерін айтып, көңіл көтеріп жатады. Алып шаһар Алматы жұрты да жаңа жылды асыға күтіп отыр.

Әдетте осы күні Алматы көшелерін Аяз ата мен Ақшақар кезіп жүретін. Биыл әлемдік пандемияға байланысты біраз шектеулер қойылды. Дегенмен қаладағы қарбалас саябырси қойған жоқ. Біреулер азық-түлік алуға асықса, енді біреулер сыйлық таңдап шарқ ұрып жүр. Қала тұрғындарының біразы жаңа жылды отбасылық мереке десе, енді біреулер бұл жастардың қуанышы деп қабылдайды. Ал композитор Артық Тоқсанбаев жаңа жыл балалық шақтың мерекесі дейді. 

Артық Тоқсанбаев, композитор:

– 60-жылдардан есімде бар. Ол кезде бала кезіміз. Ең алдымен шырша. Ол қазіргідей пластмассадан жасалған шырша емес. Ол кезде табиғи шыршалар болатын. Шыршаның бұтақтарына ілетін ойыншықтардың көбісі қолдан жасалатын.

Қазір жаңажылдық мереке жайлы жұрттардың пікірі әр алуан. Бұл мұсылман елдерінің мерекесі емес дейтіндер де бар. Жыл басы Наурыз деп түсінетіндер бұл мерекеге аса мән бермейді. Солардың бірі – Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков.

Ислам Байрамуков, Олимпиада жүлдегері:

– Мен аса қатты тойламаймын. Қазір жолда кептеліс. Дүкендерде кептеліс. Сыйлық алады. Ол жаман емес. Пайғамбарымыз айтып кеткен ғой, ір-біріңе сыйлық жасаңдар, жақындастырады деп. Ол өте жақсы нәрсе.

Әрине, әркімнің өз көзқарасы бар. Жаңа жыл қарсаңында өткенді саралап, болашаққа болжам жасайтын кез деп білетіндер баршылық. Қазақ ырымшыл халық. Ақ дастархан басында ақ тілектерін айтып, жаңа жылдан тек жақсылық күтеді. Ендеше есік қағып тұрған 2021 жыл еліміз үшін, барлық отбасы үшін мерекелі де берекелі жыл болғай!

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы