419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбенің қоғамдық орындарында жаңа жыл түні мерекелік іс-шаралар өткізілмейді

  • 131
  • UPD: 19:44, 31.12.2020
Ақтөбенің қоғамдық орындарында жаңа жыл түні мерекелік іс-шаралар өткізілмейді

Әдетте саябақтарда ұйымдастырылатын концерттер мен театрландырылған қойылымдарды сахналауға тыйым салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәмхана, мейрамханаларда да корпоративтік кештер ұйымдастыруға болмайды. Көңіл көтеру орындарының тиісті талапқа сай қызмет етуін мобилді топтардың мүшелері назарда ұстайды. Бүгінде топтар күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Күн сайын кешкі тоғыздан түнгі бірге дейін 23 секторға бөлінген қала аумақтарында рейд жүргізеді. Облыс орталығында карантиндік шектеу шаралары күшейтілген мамыр айынан бері алты мыңнан астам нысан тексеріліп, тиісті талапты бұзудың мың жарым дерегі тіркелген. Салынған айыппұлдың жалпы көлемі 130 млн теңгеден асады. 16 көңіл көтеру орнының жұмысын уақытша тоқтату туралы сотқа іс жолданған. Тұрғындарға жаңа жыл мерекесін өз отбасында қарсы алуға кеңес беріледі. Таза ауада серуендеуге шектеу жоқ. Қалада қоғамдық көліктер мереке күндері де қалыпты режимде жүреді.

Серік Дәулетов, қала әкімі аппараты төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы:

– Бизнес нысандарына біріншіден түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Карантин талаптарын сақтамаған жағдайда СЭС-ке хат жіберіліп, фото-видео фиксацияларын жіберіп отырамыз. Біздің жұмыстар 5 қаңтарға дейін жүргізілетін болады. Күнделікті 31,1, мейрам және демалыс күндері жүргізілетін болады. Алматы, Астана ауданының қосымша мобильді топтары бар өздерінің, солар әрі қарай жұмыстарын жалғастыратын болады.

Хабар 24 телеарнасы