425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да алғаш рет ауылға көгілдір отын берілді

  • 275
  • UPD: 21:24, 31.12.2020

Өркениет игілігіне қол жеткізген Возвышенка елді мекенінің тұрғындары орталықтандырылған су және газ жүйесімен қамтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қыста от жағып әбігерге түсетін тұрғындардың қуанышында шек жоқ.

Лариса Башарина қақаған қыста үйін жылыта алмай әуре сарсаңға түсетін. От шағып, күл шығарып әбден мезі болған азаматша бұл машақаттан біржола құтылды. Қазір баспанадағы температураны пульттің көмегімен реттейді.

Лариса Башарина, Возвышенка ауылының тұрғыны:

– Плитам да құбырға қосылған. Бұрыңғыдай баллон тасып қиналмаймын. Міне, қыстың күні үйімде 24 сағат бір температура. Газым жанып, суым ағып тұр. Қаладан ешқандай айырмашылығымыз жоқ. Ал ескі пешті бұзған жоқпын. Онда жиналған қоқысты өртеймін.

Возвышенка –облыс орталығынан шалғайда орналасқан елді мекен. Бүгінде мұнда 120-дан астам үй түтін түтетіп отыр.

Самат Қайырденұлы, тілші:

– Өңірде көгілдір отынның игілігін бірінші болып Возвышенка елді мекенін тұрғындары көре бастады. Енді мұндағы халық бұрыңғыдай отын, көмір тасып қысқа қамданбайды. Яғни ауылдағы үйлердің жартысынан астамы бүгінде газбен жылытылады.

Көгілдір отын беріліп, ауылдағы ағайынның тұрмыс-тіршілігі жақсарды. Ал бұл бастаманы жергілікті шаруа қожалығы қаржыландырған. Кәсіпкер сыйымдылығы 200 текше мерт газ сақтайтын резервуар орнатып, құбыр тартты. Пилоттық жоба құны – 200 миллион теңгеден асады.  

Денис Посовец, серіктестік басшысының орынбасары:

– Орталық жылу қазандығын салғымыз келді. Бірақ ақылдаса келе ауылды газбен жылыту тиімді екеніне көз жеткіздік. Әзірге сұйытылған көгілдір отынды біз Петропавлдан жүк көлікпен тасып жатырмыз. Енді аудан орталығындағы темір жол бойында арнайы терминал орнату жоспарымызда бар.

Аталған елді мекендегі барлық үйлерге алдағы уақытта газ тартылатын болады. Ал бұдан бөлек, мұнда жұмысшыларға деп төрт бірдей жаңа баспананың құрылысы басталды. 

Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы