425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде енді тауарға ілеспе жүк құжаттары енгізіледі

  • 311
  • UPD: 19:47, 31.12.2020
Елімізде енді тауарға ілеспе жүк құжаттары енгізіледі

Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптары бойынша жоба пилоттық негізде жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Акциздік өнімдер мен мұнай және Еуразиялық экономикалық одақ аумағында экспорт немесе импортпен айналысатын кәсіпкерлер аталған құжатты иеленуі тиіс. Жоба кезінде айыппұл салынбайды. Наурыз айында жаңашылдық басқа да өнімдерге енгізіліп, бизнес толық дайын болғанда міндеттеледі. Құжатқа электронды шот-фактура сайты арқылы қол жеткізуге болады. Жүк құжаттары салық органдарының тауар тасымалын үздіксіз бақылауына мүмкіндік береді.

Бауыржан Саметиев, Алматы ауданы бойынша кірістер басқармасының бөлім басшысы:

– Алматы ауданы бойынша 95 процентке электронды кілттері бойынша есепке тұрды. Бір ай бойы салық төлеушілер сұрақтарын қойып жатыр. Енді бұл пилоттық жобаның аясында толық қаралып, жауап беріледі. Бұл жерде қағаз құжаттары азаяды, бәрі электронды түрде болады. Әр адам электронды құжаттарын көрсете алады.

Хабар 24 телеарнасы