418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да арнайы қызмет көліктері үй аулаларына кіре алмай жүр

  • 111
  • UPD: 19:54, 31.12.2020
ШҚО-да арнайы қызмет көліктері үй аулаларына кіре алмай жүр

Шығыстағы төтенше жағдай, полиция және жедел жәрдем қызметінің мамандары өскемендіктерге аулаға көлік қойғанда жолды жаппауды ескертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар әсіресе түнде қалай болса, солай қоя салады. Осының кесірінен шақыру алған қызмет мамандары оқиға орнына бара алмайды. Биыл аймақтағы төтенше жағдай қыметінің мамандары оқыс оқиға кезінде шақыру түскен жердің 75 процентінде кедергіге тап болған. Желтоқсан айында ауладағы жолды жауып тастаған көліктерге қатысты 2 мыңға жуық ереже бұзу дерегі тіркелді. Тіпті ережеге бағынбай, ескертуді де елемей жолды мүлде жауып тастайтын кейбір азаматтардың көлігін полиция қызметкерлері эвакуатормен тиеп, айыппұл тұрағына әкетуге мәжбүр.

Нұржан Кәрімов, облыстық ТЖД жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:

– Үй аулаларында автокөліктерді қойған кезде, авариялық құтқару жұмыстарының техникасының өтуіне кедергі жасамай, бөгет келтірмей қоюыңызды сұраймыз. Өрт болған кезде 101 немесе 112 телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы