Елімізде КВИ белгілері бар пневмониядан 4 адам көз жұмды

Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпаратты жариялады.

«30.12.2020ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 117 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 84 адам емделіп шықты», -  делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 45840, 503 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 33167 жетті.