Жаңа жыл түнінде елордада 32 бала дүниеге келді

Елордада жаңа жыл түнінде 32 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осындай ақпарат таратты. Ең қызығы – өмірге келген перзенттердің 16-сы қыз, қалған 16-сы ұл бала. Мамандардың айтуынша, былтыр дәл осы күні 26 бала өмір есігін ашқан екен.