Қазақстанда коронавирус жұқтырған 265 науқастың жағдайы ауыр
- 137
- UPD: 14:15, 01.01.2021

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 265 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.
1 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 275 адам короновирус инфекциясынан (10 105 КВИ+ және 12 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 774 пациент стационарда, 17 501 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 265 адамның жағдайы ауыр;
- 53 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.