Жаңа жылда Түркістан облысында 59 сәби дүниеге келді

Жаңа жылда Түркістан облысында 59 сәби дүниеге келді
фото: zakon.kz

Түркістан облысында желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні 59 сәби дүние есігін ашты.

Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 38-і ұл, 21-і қыз бала. Бүгінде барлық аналар мен нәрестелердің жағдайы дәрігерлер бақылауында.

Айта кетейік, Түркістан облысы елімізде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша көш бастап тұр.