419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбылдық 15 жастағы бақташы бала TikTok желісінде жұлдызға айналды

  • 321
  • UPD: 16:26, 02.01.2021

Қазір оның парақшасына 2 миллионға жуық адам жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Астындағы аты мен жанына ерген итін де ермегіне серік еткен жеткіншектің көңілді видеолары желіде еселеп лайк жинауда. Өрістегі малды бағу жұмысын қызықты етіп сипаттайтын Авди арасында қазақ тілін де үйретіп қояды.

Бұл – жамбылдық бақташы баланың әлеуметтік желіге жүктеген алғашқы бейнежазбасы. Онда жасөспірім оқырмандарын күнделікті жұмысымен таныстырады. Геракл атты тұлпарына мініп, сиыр мен қойын жайлайды.

Жылқы жалына жабысып өскен халықтың баласы атқа мінуі заңды дерсіз. Оның үстіне, көрмегені жер астында TikTok қолданушыларын таң қалдыру оңай емес. Десе де 15 жасар жеткіншек жұртты бірден баурап алды.

Бүгінде Авдидің парақшасына 2 млн адам жазылған. Ал жүктеген бейнежазбаларының қаралымы 50 млн-нан асып кетті.

Блогердің айтуынша, бұл ермегі ақша табуға емес, көңіл сергітуге керек. Сондықтан көрерменді жалықтырмас үшін контентті кеңейтті. Ал журналистерге Авди сұхбат беруден бас тартты. Мүмкін жастайыннан еңбекке араласып, үлкендерге қолғабыс етіп жүрген оның бос уақыты жоқ па дедік..

Авторы: Назерке Тоқжан

Хабар 24 телеарнасы