COVID-2019: елімізде 262 адамның жағдайы ауыр

2021 жылдың 2 қаңтарындағы коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат.

2 қаңтардағы мәлімет бойынша,  22 511адам короновирус инфекциясынан (10 312 КВИ+ және 12 199 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 846 пациент стационарда, 17 665 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 262 адамның жағдайы ауыр;
  • 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 50 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек

2020 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша 99 жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 68 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

Науқастар саны – 45 939, өлім жағдайлары - 505, барлығы 33 235 адам сауығып шықты.