Зейнетақы қорындағы ақшаны алу: Президент заңға қол қойды

Енді қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін пайдалана алады.

Бүгін Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойды. Мамандардың есептеуінше, елімізде 1 млн жуық салымшы жаңашылдықтың игілігін көреді. Қаражат тұрғын үй алуға немесе емделу мақсатына беріледі. Дегенмен алдымен әр азамат өз жинағы туралы мәліметті білуі тиіс. Оны электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымшалар арқылы анықтауға болады. Сонымен қатар зейнеткерлер де аталған қаржыға қол жеткізе алады. Ең бастысы, шотта шекті сома қалуы шарт. Шекті сома әр жастағы адам үшін әртүрлі.