Елордада Жаңа жыл мерекесі күндері жедел жәрдем 2700 рет шақыртуға барған

Нұр-Сұлтан қаласында Жаңа жыл мерекесінде жедел жәрдем 2700 рет шақыртуға барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл былтырға қарағанда қоңырау шалғандар аз болды дейді дәрігерлер. Мәліметке сүйенсек, науқастардың біразы тамақтан уланған. Қалғаны түрлі дене жарақаттарымен түскен.