418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жер тұрғындары жылына бір рет болатын астрономиялық құбылысты бақылай алады

  • 245
  • UPD: 15:36, 02.01.2021

Жалпы Жер Күннен шамамен 150 миллион шақырым қашықтықта жатыр.

Ал бүгін екі ғаламшар бір біріне барынша жақындап арақашықтық 147 миллион шақырым болады. Нәтижесінде, Күн шеңбері әдеттегіден әлдеқайда үлкен көрінеді. 2021 жылы тағы қандай құбылыстар болады?

Жаңа 2021 жылдың алғашқы астрономиялық құбылысы ол – Жер мен Күннің жақындауы. Бүгін аспандағы Күн шеңберінің көрінісі ең үлкен диаметрге жетеді. Бұл құбылыс жыл сайын қаңтар айында байқалады. Шындығында, біздің ғаламшар Күнді біршама қашық орбитада айналады.

Орбитада максималды қашықтық пен минималды жақындасу нүктелері бар. Оларды афелия және перигелия деп атайды. Жер перигелияға енгенде, екі аспан денелерінің арақашықтығы 147 миллион шақырым болады. Жер Күнді 365 күн 6 сағат 9 минут 10 секундта толық айналатыны белгілі. Жер өз орбитасында секундына 29,765 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Ол шілде айының басында афелия нүктесіне жетеді.

Сонда Күнге дейінгі қашықтық 152 миллион шақырымнан асады. Ал бүгін түнде тағы бір керемет құбылыс – аспаннан жауған жұлдыздарды байқауға болады.

Любовь Шестакова, В.Фесенков атындағы астрофизика ғзи зертхана меңгерушісі:

– 2-нен 3-не, немесе 3-нен 4-не қараған түні ең үлкен көлемде метеориттік ағын болады. Сағатына 120 жұлдыз, яғни бір минутта 2 жұлдыз құлайды. Жаңбырдың жиілігіндей емес әрине, бірақ ашық камерамен суретке түсірсе, жаңбыр сияқты әсерді байқауға болады.

Бүгін метеориттік нөсер ең жоғары шыңына жетеді. Бұл Квадрантидтер деп аталады. Жұлдызды жаңбырдың қайнар көзі – Волопас шоқжұлдызында орналасқан. Ол Солтүстік жарты шардағы ең жарқын жұлдыздардың бірі.

Любовь Шестакова, В.Фесенков атындағы астрофизика ғзи зертхана меңгерушісі:

– Биыл екі рет Күн, екі рет Ай тұтылады. Өкінішке орай, Айдың тұтылуы көлеңкелі болады, дегенмен бақылауға мүмкіндік бар. Бірақ олар біздің жарты шарда байқалмайды. Сондықтан биыл Айдың тұтылуын көре алмаймыз. Біз тек 2021 жылы 10 маусымда болатын күннің тұтылуын бақылай аламыз.

10 маусымда байқалатын құбылыс Күннің сақиналы тұтылуы деп аталады. Оның жолағы Арктикада өтеді.

Қазақстанның ендіктерінде Ай Күн шеңберін шамамен 18-20 процент жабады. Күннің тұтылуы жергілікті уақыт бойынша 17 сағат 44 минутта басталып, бір жарым сағатқа созылады.

Гүлжан Көленқызы, Григорий Беденко, Әбен Нарымбаев

Хабар 24 телеарнасы