423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жаңа жылдың алғашқы күндері тыныш өтті

  • 140
  • UPD: 16:50, 02.01.2021
Елордада жаңа жылдың алғашқы күндері тыныш өтті фото: tengrinews.kz

Жаңажылдық мереке кезінде Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, белсенді жұмыс істеді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Елорда полициясының бастығы Ержан Сәденовтің айтуынша, жаңа жыл түні мен жаңа жылдың алғашқы күндері тыныш өтті. Әсіресе, ауыр қылмыстарға жол берілмеді. Осы аралықта елорда аумағында 27 қылмыс тіркелді, оның 20-сы «ізін суытпай» ашылды. «102» полициясының жедел шақыру пультіне азаматтардан 2 мыңнан астам қоңырау түсті. Шағымдардың басым бөлігі жол ережесін, түнгі тыныштықты бұзуға және отбасылық жанжалдарға қатысты болды.

Сонымен қатар елорда жолдарында 126 жол-көлік оқиғасы тіркелді, адам өлімі болған жоқ. Мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 9 жүргізуші ұсталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, баршаңызды жаңа жылмен құттықтап, денсаулық пен бақыт тілеймін! Заңсыз әрекеттерді жасамай, жол ережелерін сақтап, абай болыңыздар. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыздар!»- дейді Нұр-Сұлтан полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов.

Хабар 24 телеарнасы