Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 54 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда осы сәтте 22 833 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның 266-сының жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

3 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 833 адам коронавирус инфекциясынан (10 646 КВИ+ және 12 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 980 пациент стационарда, 17 853 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 266 адамның жағдайы ауыр;

• 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.