Астанадан шығатын бағыттағы жолдарда дизель көлік үшін қозғалыс шектелді

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты елордаддан қоғамдық көлік және дизель отынымен жүретін автокөлік үшін республикалық маңызы бар автожолдың барлық бағыттарында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәл осындай шектеу Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарында енгізілген. Ал Солтүстік Қазақстанда кеше кешкі бестен бастап барлық бағыт бойынша  жолдар жабылды.