Pfizer вакцинасы Қазақстанға жарты жылдан кейін әкелінуі мүмкін

Коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы елге тек жылдың екінші жартысында ғана әкелінуі мүмкін.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Цойдың айтуынша, министрлік қызметкерлері американдық компания өкілдерімен келіссөздерді бастады. Әзірге вакцинаның бағасы мен көлемі құпия сақталады. Тек жеткізу жолдары мен мерзімі алдын ала талқыланған. Министрлік өз тарапынан аталған вакцинаны елге жеткізу ісін жеделдетуге өтініш білдірген.

Айта кетейік, отандық ғалымдар жасаған вакцина қазір клиникалық зерттеудің үшінші кезеңінен өтіп жатыр. Оған ерікті түрде мың адам қатысқан.