Мереке күндері 71 нысан карантин талаптарын бұзған

Мереке күндері елде 71 нысан карантин талаптарын бұзған. Олардың алпыс бесіне әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министр Алексей Цой мәлімдеді.

31 желтоқсаннан бері бақылау топтары 804 рейд жүргізіп, 4 мың 618 нысанды тексерген.

Министрдің айтуынша, мереке күндері тыйым салынғанына қарамастан бірқатар нысан жұмыс істеген. Сондай-ақ мерекелік кеш өткізіп, ережені бұзатындар тыйылмай тұр.