Сайлау барысын ҮЕҰ белсенді мүшелері де бақылайды

10 қаңтарда өтетін сайлау барысын Ақтөбе облыстық партиялық емес бақылау штабының өкілдері де қадағалайтын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар өңірде жұмыс істейтін 502 сайлау учаскесінде қызмет атқармақ. Штабқа негізінен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді мүшелері кірген. Бүгін саяси партиялар мен кәсіподақ ұйымдарының байқаушыларымен бірге сайлау туралы заңнаманы түсіндіру бойынша кезекті жиын өткізді. Айтуларынша, өткен жылдың желтоқсанында заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, соның ішінде пандемияға байланысты дауыс берушілердің арақашықтығы мен фото және бейнетаспа түсірілім жүргізуге қатысты талап қатаң сақталуы тиіс. Штаб мүшелері сайлау барысын бақылайтын болғандықтан, соңғы бір ай көлемінде бірқатар оқыту іс-шараларынан өткен.

Ерәділ Уббиниязов, облыстық сайлауды партиялық емес бақылау штабының басшысы:

– Әрбір партия, қоғамдық бірлестік болсын, сайлау учаскелерінде бір-бір байқаушылардан қоюға құқы бар. Осы таңда 2 000-нан астам белсенді байқаушыларымыз жұмыс жасап жатыр. Өзіміздің заңгеріміз бар. Заңды түрде қалай өзін басқару керек, қандай-да заңбұзушылық болып жатса, қалай актілер толтыру керек деген алты семинары өткізген болатын. Тек қана қалада емес, аудандық жерлерде де белсенді азаматтар мен азаматшалар бар.

Сондай-ақ...