Интернет-алаяқтық: Биыл елордада мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген

Пандемия кезінде интернетте алаяқтар көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені карантинде сайттағы тауарларға сұраныс артқан. Мәселен өткен жылы елімізде 14 мыңға жуық қылмыстық іс қозғалды. Елорданың өзінде осындай мыңнан астам қылмыс тіркелген.

«Төмен бағада, жеңілдікпен тауар аламын» деп алданып қалу аяқ асты.

Арзан бағаға алғысы келді. Алайда тауар бағасының 50%-ін төлеген соң алаяқ із-түзсіз жоғалып кеткен. Instagram парақшасында 60 мыңға жуық оқырманы бар сатушыға сеніп қалыпты.

Динара, Зардап шегуші:

- Біз 26 қарашада құрбыларымызбен бірге тапсырыс бердік. Бір аптадан кейін тауарды аламыз деген болатын. Instagram желісінде 60 мың оқырманы болған соң сендік. Біз 10 күн күттік. Қазақстандық нөмір жазылған. 2 ай өтті. Олар 240 келі жүк жоғалды деген болатын. Олар бізге тек уәде беріп жүрді. 50%-ін, яғни 34 мың теңге төледім. Instagram-да қанша оқырманы болса да, егжей-тегжей тексерген жөн екен.

Кейіпкеріміздің жолы болып, ақшасын қайтарып алған. Ал алаяқтың құрбаны болып жүрген адам қаншама?! Полиция департаментінің мәліметінше, биыл бас шаhарда мыңнан астам қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде 782 интернет алаяқтық қылмысы ашылды. Әлеуметтік желіде соңғы үлгідегі гаджеттерді нарықтық сомасынан төмен бағамен сататындар көп. Арзан дүниеге қызыққандар соңында сан соғып қалады.

Саят Дүйсембаев, қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Интернет алаяқпен айналысатын адамдардың саны – 17 топ. Оларға қылмыстық жауапқа тартылды. Жәбірленушіге келтірілген шығынды қайтарып берді. Жаңа жыл қарсаңында 4 факт тіркелді. Ол кісі 2 адамды алдаған. Кішкентай балаларға жаңажылдық сыйлық, ойын ойнатамыз деп сондай тәсілдермен алдаған.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін бейнеқоңырау арқылы тауардың бар-жоғына көз жеткізіңіз. Немесе тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасаңыз.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ерзат Зайытхан, Асхат Қарақойшиев