Көкжайлау шатқалында зардап шеккен жігіт құтқарылды

Көкжайлау шатқалында мертіккен адамға құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше түс ауа төтенше жағдайлар қызметіне 23 жастағы азаматтың аяғын сындырып, өздігінен қозғала алмайтыны жөнінде ақпар түскен еді. Ол екі досымен бірге шаңғы тебуге шыққан екен. Төмен қарай құлдилаған кезде бағытынан ауытқып, тасқа соғылған. Сөйтіп, тобығын сындырып алады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны таудан алып шықты.