420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да мұғалім қой өсіруді қолға алды

  • 121
  • UPD: 18:01, 04.01.2021

Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл-көсір. Шопан ата төлінің пайдасын, мұғалім де байқапты. Солтүстік Қазақстан облысында, осы күнге дейін, бала оқытып келген, Ұлзира Елтаева, қой өсіруге ден қойды.

Ол үшін «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттен жеңілдетілген несие алып, уақ мал сатып алған. Жас кәсіпкер, енді қойдың басын көбейтіп, ауылда мал соятын орын ашуды да жоспарлап отыр. 

Ұлзира Елтаеваның мамандығы мұғалім. Мектепте информатика пәнінен сабақ берген. Қазір бала күтіміне байланысты демалыста. Дегенмен, жас ана үйде бос отырмауды жөн санапты. Қазір жолдасы екеуі ауылда қой шаруашылығын жандандыруға ден қойды.

Ұлзира Елтаева, Новоишим ауылының тұрғыны:

- Өзі қазақ атамыз айтып кеткен ғой: «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір». Енді сол мақалға сүйеніп, өзіміз кішіден бастап көрейік дедік. Себебі қарадан бастасақ, оны игере алмай жатсақ, ертеңгі күніміз не болады? Минусқа кіріп кетеміз ғой деген ой болды. Сондықтан осыдан бастап көрейік дедік. Алдағы уақытта мүмкіндіктер болып жатса, мүмкін қара малды да көре жатармыз.  

Ұлзира «Бизнес - бастау» курсынан өтіп, кәсіпкерлік негіздерін меңгеріпті. Жобасын сәтті қорғап, бес жүз мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 4 миллион теңгеге жеңілдетілген несие берілді. Оған 100 бас етті қой сатып алды. Олардың алды қоздап үлгірді.    

Ұлзира Елтаева, Новоишим ауылының тұрғыны:

- Енді алдағы уақытта жоспарымыз бар, бізге күтуші ұстауға. Ал қазіргі таңда бізге кіріс жоқ. Кіріс жоқ болғаннан кейін жолдасым өзі қарап жатыр. Табынға қоспаймыз. Біздерде мына жерде арнайы жайылым жақын ғой. Сондықтан өзіміз бағамыз. 

Ғабит Мүсірепов ауданында мемлекет қолдауының арқасында ісін бастағандар аз емес. Мәселен, тек 2020 жылы кәсіп ашқандардың 30 процентін 29 жасқа дейінгі жастар құрады.  

Нұрлан Темірғалиев, Ғ. Мүсірепов аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры:

- 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 75 азаматқа жалпы сомасы 302 миллион теңгеге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. 67 адам өз ісін жаңадан бастады. Ал қалғандары қаржыны шаруасын кеңейту үшін алды. Бұдан бөлек 6 көпбалалы отбасыға қаржылай  қолдау көрсетілді.

Осылайша ауданда 70-тен жаңа жұмыс орыны ашылды. Ал бұл жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен қызмет көрсету саласында жүзеге асты. 

Авторлар: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы