Қостанайда байқаушылар аумақтық сайлау комиссияларымен онлайн кездесулер өткізді

Қостанайда байқаушылар аумақтық сайлау комиссияларымен онлайн түрде әдістемелік кездесулер өткізді.

Биылғы науқан әлемді коронавирус пандемиясы жайлаған кезге тура келді және сайлау туралы заңға да өзгерістер енгізілген. Бұл кездесулердің мақсаты – байқаушылардың дайындығын пысықтап, саяси науқанның әділ өтуін қамтамасыз ету. Сондықтан алда тұрған міндет тек қандай да бір заң бұзушылықтарды тіркеу емес, оның алдын алу. Облыс аумағында қазірдің өзінде 700 байқаушы тіркелген.

Болат Қалиев, облыстық сайлауды бақылау орталығының жетекшісі:

- Көптеген тренинг өткіздік. Өйткені байқаушы заң жағынан қалай мықты болу керек, дәл солай психологиялық әртүрлі жағдайларға дайын болуы керек. Сондықтан соның барлығын мүмкіндік келгенше сараптап, дайындап өткіздік.