424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда жаңа онкологиялық емхана ашылды

  • 273
  • UPD: 08:34, 05.01.2021
Көкшетауда жаңа онкологиялық емхана ашылды

Диагностикалық орталық бір мезетте 150 адамды қабылдай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрылысына 2 жарым млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған нысан барлық заманауи қондырғымен жабдықталған. Мұнда соңғы үлгідегі компьютерлік томография, бірнеше МРТ мен ультра-дыбыстық зерттеу аппараты және цифрлық рентген бар. Ал бұрын пациенттермен қатар қатерлі ісікке тексерілетін аймақ тұрғындары да онкологиялық диспансердің ескі әрі тар ғимаратында дәрігерге көрінуге мәжбүр болатын. Енді ол күндердің барлығы артта қалды дейді мамандар.

Айта кетейік, Ақмола облысы онко-аурулар жөнінен еліміз бойынша бесінші орында тұр. Өңірде аталған дертпен 9 мыңға жуық науқас тіркелген.

Болат Әбішев, облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

- Мұнда амбулаториялық хирургия кабинеті болады. Ол жерде ауруы тым асқынып кетпеген пациенттерге кішігірім операциялар жасай аламыз. Ал нысан негізінен диагностика мен профилактикаға арналған. Мұнда 94 адам жұмыс істейді. Олардың 23-і – дәрігерлер. Олар жақында өз жұмыстарына кіріседі.

Хабар 24 телеарнасы