Алматыда биоресурстар контрабандасымен айналысқандар сотталды

Алматыда құны 470 миллион теңгеден асатын артемия салина шаяндарын контрабандалық жолмен сатқандар сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауданаралық мамандандырылған соты 4 күдіктіні 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Қылмыскерлер – Қазақстан және Қытай азаматтары. Ұйымдасқан топ ел аумағынан шығаруға тыйым салынған биоресурстың 400 тоннасын шекара асырып әкетпек болған. Артемия салина шаяны тұзды су қоймаларда тіршілік етеді. Ол балық және құс шаруашылығында, сондай-ақ фармакология мен косметологияда жоғары бағаланады.